VIII ZhasCamp Kazakhstan

Молодежная [не] конференция

26-27 августа
Костанай
9-10 сентября
Шымкент
23-24 сентября
Караганда
21-22 октября
Актобе
28-29 октября
Петропавловск

Молдияр Ергебеков: Егер гендер мәселесін көтерсек, ол жастарға өте қызықты

31 октября 2017 г.

21-22 қазанда Ақтөбе қаласында ZhasCamp конференциясы өтті. Бағдарламаның спикері Сүлейман Демирель атындағы университеттің доценті Молдияр Ергебеков өз әсерлерімен бөлісті және қазіргі Қазақстан жастарының болашағын қалай көріп жатқанын айтып берді.

— Сіздің ойыңызша, жастардың негізгі мәселелері қандай?

— Мен университетте ұстаз болғаным үшін жастармен өте жақын байланыстамын, сондықтан да олардың негізгі мәселерін білемін деп ойлаймын. Және біздің жастардың ең негізгі мәселерінің бірі – өздерінің ертеңге деген сенімдерінің сәл де болса аздығы. Бұның да көптеген себертері бар, соның ең басында, менің ойымша, экономикалық мәселе келеді. Өйткені жастарымыздың көбісі университетті бітіргеннен кейін жақсы жерде жұмыс таба алатынына сенбейді, әсіресе мемлекеттік органдарға кіре алатынына сенбейді. Ал оқымаған жастардың өзі тіптен ештеңеге сенбейді, өкінішке орай. Экономикалық проблема бар, үй мәселесі деген сияқты, бірақ соған қарамастан қызық жайт, елімізде үйлену процессі өте жоғары. Бірақ өткен жылы ажырасу көрсеткіші де жоғарылай бастады, әсіресе Шымкент облысы, Қарағанды облыстарында. Бұл көрсеткіштердің өзі де мына мәселелерге меңзейді: ең біріншіден, экономикалық проблема, өйткені, бәріміз білетіндей, жалақымыз әрі аз, әрі тауарлар қымбат. Осындай қарама қайшылықтар бар, сол себептен де жанұядағы экономикалық мәселелер олардың ажырасуына әкеп соғады деп ойлаймын.

— Батыс Қазақстан жастарының ерекшеліктері қандай?

— Менің батыс Қазақстаннан студенттерім бар, мен өзім Оңтүстік Қазақстанда туылғанмын. Ең алғаш Батыс Қазақстандық студенттермен кездесуім университетте болды, өте талапты, бұл маған қатты ұнады, өздері де талап қоя алады, сұрақ сұрайды, бұл өте маңызды. Ал жастар мәселелерінің бірі – жастар сұрақ қоймайды, өздеріне де қоймайды, қоғамға да қоймайды, бірақ осы батыстық студенттерім менің сабағымда ең көп сұрақ қоятындары солар. Былтыр Атырауға барғанмын, ал Ақтөбеде бірінші рет болып тұрмын, осы батыстық қалалардағы практикам бірінші рет.

— Сіздің ойыңызша, әйел репрезентациясы жастарды қаншалықты қызықтырады?

— Менің ойымша мүлдем қызықтырмайды, өйткені бұл қоғамда, отбасында қандай тәрбие берілсе, соған байланысты, бұл априори десе болады. Бізге туылған кезімізден бастап, ұл болып туылсаң, ұл ретінде ғана тәрбиелейді, қыз болсаң, тек қыз болмысында тәрбиелейді, бұл деген қыз болсаң, үйдің ішіндегі барлық қызметтерді сен істейсің, сен ертең болашақ ана боласың деп тәрбиелеу бізде өте көптеп кездеседі, сондықтан да бұны норма ретінде қарағаны үшін қызықтырмайды, бұл жайында көп сұрақ қоймайды, бұл жайында білмейді, гендерлік сауатсыздық бар. Ал білгеннен кейін бұл өте қызықты нәрсе, мысалы үшін мен университетте Медиа этикасы деген сабақ беремін, бұл жерде Әйел дискриминациясы деген тақырып бар, бұл тақырыпты өткен кезде, көптеген студенттерім тіптен өкпелеп қалады, ал кейбіреулері таңқалып, ойланып қалады, және айналдырған бес алты айдың ішінде ол студенттерім өздері іздене бастайды, бұл деген өте қызықты нәрсе. Мен өзім былтыр ZhasCamp Атырауға қатысқанмын, сол жерде де әйел мәселесі жайында әңгіме қозғадым, бір жігіт тұрып маған қарсы шыққан болатын, ал биыл осы гендер мәселесін тағы көтергенімде, дәл сол жігіт мені қолдап сөз сөйледі. Мен өзім сахнада тұрып таң қалдым, менің ойымша, сол жігіт өзі осы мәселені зерттеді деп ойлаймын.

Сондықтан да жастарды гендер мәселесі қызықтырады ма, жоқ па білмеймін, бірақ егер осы мәселені көтерсе, өте қызықты болады деп ойлаймын.

— Қазіргі кезде жастар өзгерістер жасай алады деген үмітті ақтап жатыр ма?

— Негізінде, жастар үмітті атай алады деп ойлаймын. Бірақ жоғарыда айта кеткендей, олардың болашағына деген сенімсіздік бар, және сонымен бірге рухани күштері де бар, яғни көбісі жасай алмасам да, соны жасасам дейді, оқи алмасам да, оқысам дейді. Бұл өте маңызды, өйткені бұл сізге үміт береді, яғни армандай алушылық кез келген қоғамда бар емес. Армандай алушылық кеткен кезде, үмітті де үзсеңіз болады. Ал біздің жастарымыз өте арманшыл, қиялшыл.

— Жастар сонда тек қана армандап жүреді ма?

— Жастар армандап қана қоймай, бірдеңе істейді де, мысалы, кейбір студенттер үшінші курстан бастап өз мамандығы бойынша жұмысқа тұра бастайды, жұмысқа тұрмаса, басқа бірдеңе істей бастайды. Белсенділік танытуға тырысады. Бұл парадоксалды қызық жайт: бір жағынан ертеңге деген сенімсіздік болса, соған қарамастан талпыныс бар.

— Қазақстандық жастар көшбасшы ма, әлде атқарушы ма?

— Біздің қоғамымызда сондай бір тәрбие бар, біз үлкендерді тыңдауды жақсы көреміз. Бұл өте жақсы нәрсе десек те, біз бұны бір фетишке айналдырамыз. Табыну ритуалына айналдырамыз. Сондықтан да біздің жастарымыз атқарушылар.

— Сіз білесіз бе, біздің жастардың кумирі немесе көшбасшысы бар ма?

— Өте қызықты мәселе, көптеген жастар пафосты адамдарды, істеген істері емес, көп сөзді демагог адамдарды жақсы көреді. Бәлкім эмоцияға толы болғандықтан болар деп ойлаймын. Бекболат, мысалы Айдос Сарынов сияқты саясаткерлерді жақсы көреді. Бірақ Бекболат қазіргі кезде жастар арасында көп танымал емес, былай қарап тұрсаң, Бекболат онша көп нәсре де айтпайды, сондай демагог адам, бірақ сонда да жастар оны тыңдайды.

— Біздің ZhasCamp туралы не ойлайсыз?

ZhasCamp өте жақсы платформа, мен бұнда екінші рет қатысып жатырмын. Қазақстанның әр жағынан жастар келеді олар пікірталасады, ойларын бөліседі, бұл жерде әр түрлі тақырыптағы баяндамалар тыңдайды, ол баяндамашымен тікелей интерактивті пікірталасқа түседі, сондықтан берері мол платформа деп ойлаймын.

— Жастарға айтар тілектеріңіз.

— Жастар көп би билесін, көп ән айтсын, көп күлсін, көп кітап оқысын, содан кейін қайта би билесін, жастар аш қалмасын.

Генеральные партнеры

Soros

Партнеры

Фонд им. Фридриха Эберта в Казахстане
Офис программ ОБСЕ
Посольство США в Казахстане

Соорганизаторы

Социальный городок "Салем"
AirTwist
Общественный Фонд "Актобе Дамуы"

Основные партнеры: Места проведения

КИнЭУ
Карагандинский государственный технический университет
Западно-Казахстанский Государственный медицинский университет им. М. Оспанова
Социальный городок "Салем"
Северо-Казахстанская областная универсальная  научная библиотека им. Сабита Муканова

Генеральный медиа-партнер

The Steppe

Бизнес-партнеры

Sentido Coffee
HasLey School
Компания Mars

Медиа-партнеры

Давай сходим
Не Упусти
Телеканал Отырар TV
Semey Ainasy
Газета "Бизнес и Власть"
"Новое Телевидение"
Социальный медиапортал "Добрые вести"
РИКА ТВ
Мой город

Молодежные организации

ОФ “Алматинский дебатный центр”
Национальная волонтерская сеть
ОФ "Еркiндiк канаты"
Сана зияткер жастар мектебі қоғамдық қоры
Молодежь за здоровый образ жизни
Объединение «АРДОС-Журек»
Youth Challenge
InterTest
EcoSem
The Peace Foundation
АМИДО ВКО
АДИМО
Ақиқат Айнасы
Волонтеры Карабалыка
ДЮЦ “Арман”
ГрИн
ЖаStar
Y-PEER
Жасыл-Ел
Niet
Кинотесты
Молодежный центр здоровья “Нурсалауат”
The Galls
Duman
Дебатная Ассоциация Петропавловска
Центр творчества AirTwist
ОФ "Молодежный Фонд "Ел ұрпағы"