Жастар [бей] конференциясы

ZhasCamp-ті жіберіп алма!

21.09.2015

«МЕГА Шымкент» орталығында 12 қыркүйекте ерекше флешмоб өтті.

Кенет залдың ортасына серуендеп жүрген беттерінде ZhasCamp логотиптері бар жастар шыға келді. Келушілер науқанды сезіп, оларға қарайлай бастады. Бірақ олар сол кезде жылдам жерге жатып, ұйықтап қалды, бұл айналадағыларды таң қалдырды. Осы сәтте ZhasСamp туымен «МЕГА-ға» бір адам «Ұйқыны доғар, ZhasCamp жақындап жатыр! Дайындалу керек!», деген сөзбен жүгіріп келді.

Ұйықтап жатқандар жылдам оянып: «ZhasCamp-ке дайынбыз!», - деп ақпарат берді.

Қазақстан жастар ақпараттық қызметі филиалының директоры Олеся Ли: «Біз осы флешмобты қаламыздың жастары Шымкентте ірі жастар жиыны болатынын білсін деп, жастар оянып, ZhasСamp конференциясына тіркелсін деп өткіздік». - деп мәлімдейді.

Күз мезгілі – жастар жазғы демалыстан сабаққа шығатын, ал енді бірі жұмысқа шығатын кез, күзде суық басталады және белсенділігіміз түседі. Барлығы қызықсыз болып көрінеді, жаңартуды қалаймыз. Ал жаңарту дегеніміз нағыз осы – 10 және 11қазанда өтетін Zhascamp! Жастарға айтқым келетіні: сен әлі тіркелмеген болсаң, оян, компьютерді қос, www.zhascamp.kzсайтына кір және осы күндерді өз күнтізбене жазып ал!

Благодарим за поддержку

Медиа-партнеры

139 documentary centre
Ayt community
Masa
Цех361
Kloop
Bashta
Ololo
Sening Mening Haqqimiz
Мос
Feminita
Qizlar collective
HOOK report
Sarpa media
Бухгалтерия
Салем
Go Viral