Жастар [бей] конференциясы

Жол жүру гранты: қолдану жөніндегі нұсқаулық

01.08.2016

ZhasCamp-ке қатысу тегін, бірақ, Талдықорған, Семей, Атырау және Павлодар қалалардың шегінен тысқары тұратындар жолға және мекендеуге жұмсалатын шығыстарды өздеріне алады.

Ұйымдастырушылар әр қалаға 30 жол жүру грантын бөлді.

Пойызда жол жүру ақысы 50% (бір жаққа), ал тұратын орны толық төленеді. Грант иегерлерін сайыс негізінде ұйымдастырушылар анықтайды.

Жол жүру грантына төрт қаланың ішінен кез келген қалаға сұранымды жіберуге болады. Сұранымды бірнеше қалаларға немесе барлық қалаларға жіберуге рұқсат. Бірақ, есіңізде болсын, бұл сайыс және сұранымда бір басты қаланы белгілеңіз.

Сұранымды жіберу мерзімдері:


Талдықорған: 2016 жылы тамыздың 20-на дейін;

Семей: 2016 жылы қыркүйектің 5-не дейін;

Атырау: 2016 жылы қазанның 5-не дейін;

Павлодар: 2016 жылы қазанның 15-не дейін.


Жол жүру грантына тіркелу конференцияға тіркелу болып саналады, сондықтан екінші рет сұранымды толтыру қажет емес.


КӨҢІЛ БӨЛІҢІЗДЕР: жол жүру грантына сұранымды тек Қазақстанда тұратын жастар жібере алады.





Жеңімпаздар (дұрыс байланыс деректерін көрсетіңіз) электрондық пошта және ұялы телефондарға құттықтау алады.


Егер сіз жол жүру грантын ұтып алмасаңыз, Жаскемп конференциясына өз қаражатыңызға бара аласыз. Сізді асыға күтеміз!


Шара ұйымдастырушы: Қазақстанның жастар ақпарат қызметі


Бас серіктестер: Сорос-Казақстан қоры, Қазақстандағы Фридрих Эберт атты қоры, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы. 

Благодарим за поддержку

Медиа-партнеры

139 documentary centre
Ayt community
Masa
Цех361
Kloop
Bashta
Ololo
Sening Mening Haqqimiz
Мос
Feminita
Qizlar collective
HOOK report
Sarpa media
Бухгалтерия
Салем
Go Viral