Жастар [бей] конференциясы

ZhasCamp 2016: өтілетін қалалар

20.07.2016

Былтыр ZhasCamp алғаш рет Алматы қаласынан шығып, аймақтарға жол тартты. 2016 жылы біз географиямызды кеңейтудеміз. Енді жастардың бейресми конференциясы Қазақстанның төрт қалаларында өтеді: Талдықорғанда, Семейде, Атырауда, Павлодарда.Неге дәл осы қалалар дейсіз ғой? Негізі біздің жоспарымыз – барлық қалаларды аралап өту, бірақ  дәл осы жылы біздің жауабымыз осындай.


Талдықорған — Алматы облысының орталығы,елімізде халық саны бойынша екінші орында. Бұл жерде  530 мыңнан астам адамдар тұрады. Талдықорған тұрғындары өз қаласын Талды-Париж деп атайды. Аңызға сүйенсек  бұл атау географиялық  орыннан туындайды: екі қала да тура солтүстік ендігінің 45-інші градусында орналасқан. Келешекте Талдықорған Париж қаласы сияқты танымал қала болады деп үміттенеміз, ал қазір біз ішкі туризмнің дамуына өз үлесімізді қосамыз: 27-28 тамызда бүкіл Қазақстаннан жиналған жастар осы қалаға ZhasCamp конференциясына қатысуға келеді. :)

Семей — әдебиет, өнер және ғылым салаларында біртуар тұлғалардың өмірге келген жері. Бұл қалада ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаев, философ Шәкәрім Құдайбердіұлы, жазушы Мұхтар Әуезов, жырлаушы Әміре Қашаубаев дүниеге келген. Бүгін ол — баяғыдай Шығыс Қазақстанның мәдени орталығы болып қалуда. Ал Семейде тұратын 93 мың жастар қаланың дамуына өз үлесін әлі қосатына еш күмәніміз жоқ. 10-11 қыркүйекте Семей қаласында өтетін ZhasCamp осы мақсатқа жетуге міндетті түрде көмектеседі.  

ZhasCamp өтілетін келесі қала Атырау, Қазақстанның «мұнай астанасы». Атырау облысында 147 мыңға жуық жастар тұрады. Қала Жайық өзенінің жағасында орналасқан, Жайық қаланы екіге бөледі: «еуропалық» және «азиялық». Атырау қаласында «Әлемде ең ұзын жаяу жүргінші көпірі» ретінде Гиннес рекордтары кітабына еңгізілген көпір орналасқан. Оның ұзындығы – 551 метр. Мәдениеттердің араласып кетуі, ерекше климат, рекордтық көрсеткіштер — Атырау «мінезі» бар қала, сондықтан біз 15-16 қазан аралығында осы қаламен жақынырақ танысамыз. :)

Маңыздылық бойынша емес, хронология бойынша біздің тізімімізде соңғы тұрған қала Павлодар — жастар рухы бар көне қала. Бұл қалада 157 мыңнан астам жастар тұрады. Павлодар — еліміздің өнеркәсіптік орталықтарының бірі, сонымен қатар дәл осы жерде Қазақстандағы ең үлкен экологиялық көлік жүйесі — трамвай орналасқан. Бұдан басқа Павлодарда азаматтық қоғамдастығы өте мықты — былтыр ортақ күштерімен қала тұрғындары бір аптаның ішінде 100 мың қол жинап, қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату зауыт құрылысын тоқтатты. ZhasCamp осындай қызық қалада өтуі тиіс! Біз сіздерді 22-23 қазан аралығында күтеміз, мүмкін, бірге тағы басқа маңызды мәселелерді шешетін боламыз.

Біздің үміттенуіміз бойынша, екі немесе үш жылдың ішінде ZhasCamp бүкіл Қазақстанды қамтитын болады. Ал, қазір біз сіздерді Талдықорған, Семей, Атырау және Павлодар қалаларында қарсы аламыз!

Тіркеу zhascamp.kz сайтында, бізге қосылыңыз!


Благодарим за поддержку

Медиа-партнеры

139 documentary centre
Ayt community
Masa
Цех361
Kloop
Bashta
Ololo
Sening Mening Haqqimiz
Мос
Feminita
Qizlar collective
HOOK report
Sarpa media
Бухгалтерия
Салем
Go Viral