Жастар [бей] конференциясы

​ «Мақсатымыз – әр балаға сапалы білім беру»: Khan Academy Qazaq-тың үш жылғы нәтижес

05.03.2022

Khan Academy – әлемдегі бүкіл оқушыға тегін әрі сапалы білім беруді көздейді. Оның қазақша нұсқасы бар: Khan Academy Qazaq. Ол 2019 жылы студенттер бастамасымен университет қабырғасында іске қосылды. Әлеуметтік желіде ZhasCamp Accelerator бағдарламасы жайлы естіп, идеяны ұсынады. Бұл жоба осындай бастамашыл топтарға әлеуметтік маңызды идеяларды іске асыру жолын арнайы тренинг және менторлар көмегімен үйретеді. Содан бері авторлар 2,5 миллион сөз, 650-ден аса видеодан тұратын контентті аударып, платформаның қазақша нұсқасын жасаған. Жоба жетекшісі Әсем Сарыбековамен оның нәтижесі, кейбір қиындық пен жаңа мақсаттар жайлы сөйлестік.  

Khan Academy – 2005 жылы негізі қаланып, бүгінде әлемнің алпыстан аса тіліне аударылған оқу платформасы. Оның миссиясы – әлемнің кез келген жеріндегі әрбір адамға сапалы және тегін білім беру. Контенттің басым бөлігі жаратылыстану және техникалық бағытқа жататын математика, алгебра, биология, компьютерлік бағдарламау сияқты пәндерге арналған.   

Жобаның жетістіктері мен қазіргі нәтижесі

Назарбаев университетінің бір топ студенті жиналып, осыдан үш жыл бұрын Khan Academy-дің қазақша нұсқасын жасауды ойластырған. Бастапқы кезде еш қаржылай көмек болмай, барлығы волонтерлік негізде жұмыс істеді. Бір жылдан кейін, 2020 жылдың қазанында, құрылыс компаниясынан алғаш рет қаржылай қолдау алған, сөйтіп жобаны жалғастырды. Әсем жобаның нәтижесін қысқаша айтып берді:  

«Содан бері 653 видеоны YouTube желісіне жүктедік. Компьютер ғылымы (Computer Science), бастауыш математика бағдарламаларын толығымен аударып салдық. Биология пәнінен Khan Academy-де үш жүзге жуық видео бар, бірақ маман тапшылығына байланысты тек 48 видеоны аяқтадық. Физикадан 49 бейне жүктелді».

Қазір Khan Academy Qazaq сайтының демо нұсқасы жұмыс істеп тұр. Сайттың демо нұсқасын ашпас бұрын, қазақтілді тәуелсіз сарапшының көмегімен контентті тексерістен өткізген. Команда алдағы уақытта толық нұсқаны іске қосу үшін барлық пәнді сапалы аударуға күш жұмсап жатыр. Бұл үшін олар Биология, Химия, Физика, Математикадағы пре алгебра, Алгебра негіздері, Алгебра-1 және Арифметика пәндерін толығымен аударуы тиіс.  

Үш жыл ішінде жобаға волонтерлікке үш жүздей өтінім келіп түскен. Контентті түгелдей солар аударады. Әсемнің айтуынша, қазір волонтер белсенділігі бәсеңдеген, дегенмен аптасына шамамен үш ерікті жұмыс істейді. 

Оқу жүйесі жайлы 

Әр адамның дербес білім алуы (персонализированное обучение) – Khan Academy-дің негізгі принципінің бірі. Егер адам платформада тіркелгісі келмесе, ашық ресурс (open source) ретінде қолданып, сабақтарды қарай алады. Алайда оқудың жүйелі, ыңғайлы болуы үшін платформаға тіркеліп, жұмыс істеу маңызды. Мысалы, оқыған уақытыңыз бен көлеміңізге қарай сайт сізге «энергия» береді; оқу жоспары көрініп тұрады: 

«Сайтта міндетті түрде бір видеоны көрген соң тапсырма жасалады. Видеоны қарау ұзақтығына байланысты білім алушыны ынталандыру үшін энергиялық ұпайлар (energy points) беріліп отырады. Ал YouTube-те ондай бақылау жоқ. Сайтта видеоны реттілік бойынша ойнатады, бейнеден соң тапсырма болуы мүмкін. Биология, химия пәндерінде қосымша зерттеу материалы (мақала) да болуы мүмкін. Әр бөлімді аяқтаған соң арнайы өзін-өзі тексеру тесті болады». 

Қазір жобаның YouTube-те мыңнан аса жазылманы бар. Әсемнің айтуынша, жақсы түсіндірме үшін көптеген оқушы алғыс білдіріп жатады. Әзірге қазақша контенттің басым бөлігі мектеп оқушыларына арналған. Өйткені бұл жоба gap filler қызметін атқарады, яғни сабаққа қатыса алмаған немесе түпкілікті түсінбеген тақырыптарды қайтадан өтуге, сол алшақтықты толтыруға көмектеседі. Алайда жоғарыда айтып кеткендей, жас ерекшелігіне қарамастан, оны кез келген білім алушы қолдана алады. Жоғары математика тақырыптары да бар.     

Команда мүшелері мен оның қаржыландырушысы кім?  

Команда мүшелерінің басым бөлігі – жоғары курс студенттері. Топта он адам бар: алты видеомэйкер, қаржы, операция мен волонтерлер менеджері әрі жоба жетекшісі. Видеоөңдеушілердің бесеуі – ұстаздар, өйткені олардың видео жасауда біліктілігі жоғары. Барлық процесті төрт менеджер басқарса да, Әсемнің айтуынша, жобаны жүргізуде волонтерлердің рөлі өте жоғары:      

«Жобаны өз күшімізбен, қолдау іздеп, волонтерлердің арқасында алып келе жатырмыз. Жоба жай жүріп жатыр, бірақ оны бір деңгейге шығарғымыз келеді. Команда мүшелері өзгеріп, тұрақталды. Қазір біз гранттар ұтып алдық. Контент сапалы болуы үшін қызметкерлерге жалақы береміз».

2019 жылы жобаның сол кездегі жетекшісі Айсұлу ҚЖАҚ-тың ZhasCamp Accelerator ұйымдастырған тренингтеріне қатысып, әлеуметтік желіні қалай жүргізуге болатыны және краудфандинг жайлы ақпарат алды. Мұнан соң Алматыдағы құрылыс компаниясы Khan Academy Qazaq-тың жоба мүшелеріне өздері хабарласып, қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірген. Осылайша, олар студенттерге жұмыс істеу үшін тегін кеңсе беріп, алғашқы жүз видеоға қаржылай демеушілік көрсеткен. 

Жоба мұнан соң да бірнеше әлеуметтік грантқа өтінім жіберіп, ұтып алған. Соның ішінде, Назарбаев университеті жанындағы Social Development Fund әлеуметтік жобаларды қолдау қорынан - бес миллион теңге, АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын SICA бағдарламасынан (Social Innovation in Central Asia) «Жыл бастамасы» номинациясымен - 15 мың доллар және Kazakhstan Growth Forum ұйымдастырған әлеуметтік жобалар байқауында «Үздік әлеуметтік жоба» атанып, 5 миллион теңге ұтып алған. 

Әсем жобаны бастаған сәтте еш тәжірибесі болмағандықтан, түрлі қиындыққа тап болғанын айтады:  

«Бір миссия болды: қазақтілді ауыл балаларына сапалы білім беру, көмек көрсету, білгенімізді бөлісу. Операциялық міндеттерді бір жүйеге қою қиын болды: командамен жұмыс істеу, тапсырмаларды бөлу. Жоба менеджменті деген не екенін білмесек те, бастап жасай бердік. Әлеуметтік жоба жүргізудің қиындығы – ақшалай ынталандыру болмағандықтан, адамдар белгілі бір уақыттан соң кетіп қалады. Қайтадан жаңа адам алып, үйрету керек. Сонымен қатар, бізге кіріс келмегендіктен, әрдайым демеуші іздеуіміз керек».    

Жобаның қазіргі мақсаты – аймақ мектептеріндегі кемі екі мың балаға платформа туралы, оны қалай пайдалануға болатыны түсіндірме жүргізу және олардың төрттен бірінің болсын тиімді білім алуы. Сондай-ақ компьютерлік бағдарлама, математика, биология, физика пәндерінің контентін қазақшаға аударып, платформаның толық нұсқасын іске қосу. 

Әсем снх түпнұсқа:

2019-2020 жылдары біз еш қаржыландырусыз волонтерлік негізде жұмыс істедік. Сол үшін аса қатты нәтиже болмады. 2020 жылдың соңғы айларында, қазанда біз алғашқы қаржыны алдық. Содан бері біз 653 видео бар, күнде Ютубқа видеолар шығып жатыр. Саны күнделікті өсіп отырады. Computer Science, Бастауыш математика бағдарламалары бойынша толығымен бітірдік. 110 да және Комп сайнс 184 видео бар. Биология пәнінен негізігі үш жүзге жуық видео бар, бірақ мұғалім тапшылығына байланысты тек 48 видео жасадық. Физика пәнінен 49 видео ютубта, бірақ 56 видео дайын тұр. Сөз саны бойынша 2019 жылдан бері 2,5 млн сөз аудардық. Мұның барлығы волонтерлер көмегімен аударылды. Үш жүзге жуық өтінім келіп түсті волонтерлікке, жүз волонтермен белсенді жұмыс істедік. Ал келіп кеткен волонтерлер саны үш жүзге жуық. Қазір волонтерлік жағынан төмендеу, бірақ аптасына үш волонтердей бар. 

Қазір сайттың толық нұсқасы да істеп тұр, бірақ контент түпкілікті аударылмады. Демо версия болса да, толығымен жұмыс істейді. Фул сайт алу үшін биология, химия, физика, Комп сайнс және математикадағы преалгебра, алгерба, алгебра бэйсикс, алгебра 1, арифметика пәндерін толығымен бітіруіміз керек. 

Персонализированное обучение – Khan Academy-дің негізгі принципінің бірі. Бірақ адам тіркелгісі келмесе open source ретінде қолдана бере алады. Егер тіркелсе өзіні жүйелі түрде жұмыс істеуі үшін ыңғайлы\қолайлы болады. Қанша энергия жинады, қай топиктарды таңдағаны жөнінде деректер болады, бағадарламасын өзі құрады.

Сайтта міндетті түрде бір видеоны көрген соң тапсырма жасалады. Видеоны көру ұзақтығына байланысты білім алушыны мотивитроать ету үшін energy points энергиялық ұпайлар беріліп отырады. А ютубда ондай бақылау жоқ. Әркім өзі кіріп кіреді, бірақ кім қалай көргенін бақылай алмаймыз. Сайтта реттілік бойынша видеоны ойнатады, келесі видео немесе тапсырма болуы мүмкін, кейбір биология химия пәндердінде видеоға қосымша зерттеу материалы(артикль) да болуы мүмкін. қосымша ақпарат үшін. Әр бөлімді аяқтаған соң арнайы өзін-өзі тексеру тесті болады. Қазақша сайтты қазір де қолдануға болады. Алайда қазір волонтерлер аударған контентті сарапшылар тексеруі тиіс. Хан академия демо сайтты берместен бұрын қазақтілді сарапшыны тауып, толық тексерістен өткізді. Олар апрув жасады. Енді контент сапалы болуы үшін барлық аударманы да жергілікті аудармашылар тексерсе дейміз. 

Қолданушылар саны бойынша платформада әзірге дерек жоқ, ал ютубта 1065 жазылманымыз\оқырманымыз бар. Ондағы барлық фидбэк позитивті, барлығы “рахмет”, “керемет бастама”, “жақсы түсіндіріпсіздер” деп айтады, бірақ арасында “мынай болуы емес” сияқты пікірлер де болып жатады. Жалпы алғанда көпшілігі алғысын білдіріп жатады. 

Негізгі аудитория – free world class education to anyone anywhere, яғни жас ерекшелігіне бөлмейді. Дегенмен біздің контент көбіне мектеп оқушыларына арналған. Ол әсіресе мектепте gap filler, яғни бір тақырыпты түсінбеген кезде соның орнын толтыру үшін қосымша ақпарат көзі ретінде қолданылады. Дегенмен студенттер де қолданады, жоғары математика тақырыптары да бар. Сондай-ақ қазақша білім алғысы келетін кез келген адамға арналған. 

Біз әлі де студентпіз, 4-курста оқимыз. Өз күшімізбен, қолдау іздеп, волонтерлердің арқасында алып келе жатырмыз. Жоба жай жүріп жатыр, дегенмен оны бір деңгейге шығарғымыз келеді, юізбен бірге өсіп келеді. Команда мүшелері өзгеріп, қазір тұрақталды. Қазір біздер гранттар ұтып алдық. Қазір контент сапалы болуы үшін 50 мың теңге көлемінде жалақы береміз. Қазір командада он адам бар: видеомэйкерлер, олар бір видео үшін ақы алады, себебі олар сапалы болуы үшін мұны тегін жасамайды; мен бармын, финансовый менеджер, операционный менеджер және волонтерлер менеджері бар. Барлық процесті осы төрт менеджер басқарады, және алты видеомэйкерлер бар. 12мин. видеомэйкерлер туралы. Видеомейкердің барлығы мұлғалімдер, тек бір ғана студент бар. 

Алғаш рет қаржылай қолдау көрсеткен компания Алматыдағы құрылыс компаниясы болды.(Олар біздерді өздерді өзі тапты. Олардың мақсаты да Хан академияны аудару, ауыл балаларына көмектесу болды. Солайша олар бізді тауып, қолдады) Басында тегін офис барды, алғашқы жүз видеоның спонсор болды. Сосын біз өзіміздің НУ жанында social development fund қорынан бес млн теңгедей ұттық. Жақында Eurasia foundation USAIDтан да гранттан алдық.  

Басында бізде мүлде тәжірибе болмады және жобаның үлкен масштабты екенін түсінбедік. Бір мақсат, бір миссия болды – қазақтілді ауыл балаларына сапалы білім беру, көмек көрсету, білетінімізбен бөлісу. БАсында операционный частьты бір жүйеге қою қиын болды: командамен жұмыс істеу, тапсырмаларды бөлу, проектный менеджмент деген не, тек бастап алып жасай бердік. Бір жағынан бәлкім осының арқасында қазірге дейін жоба тұрақты түрде жұмыс істеп келе жатыр. Егер нақты жоспарлау, дедлайндармен жұмыс істеу болған кезде осыдан да жақсы болар ма еді. Әлеуметтік жобаны жүргізудің қиындығы – ақшалай стимуляция болмағандықтан, адамдар белігілі бір уақытта болып, кетіп қалады. Қайтадан жаңа адамды алып, оны үйрету керек. ОСылайша, уақыт кетеді. Сосын бізге кіріс келмегендіктен әрқашан спонсор іздеуіміз керек, оны қалай тартамыз бұл да қиындау.    

Жобаның қазіргі мақсаты – Қазақстандағы аймақтағы мектептерге кемінде 1000, 2000 мың балаға осы проект туралы , оны платформаны қалай пайдалану керектігі жөнінде түсіндіру. Мысалы, соның бес жүзі эффективті пайдаланса дейміз. Ал тапсырмамыз бойынша, Компа сайнсты толығымен бітіру. Өйткені қазіргі таңда қазақша комп сайнсқа арналған жүйелі ресурс жоқ. Мұнан соң матетиматика, биология, физика пәндерін бітіру. Сонда платформа толықтай жұмыс істейтін болады.

Благодарим за поддержку

Медиа-партнеры

139 documentary centre
Ayt community
Masa
Цех361
Kloop
Bashta
Ololo
Sening Mening Haqqimiz
Мос
Feminita
Qizlar collective
HOOK report
Sarpa media
Бухгалтерия
Салем
Go Viral